Ауқатты этникалық қазақтардың елге кіруі жеңілдемек
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдегі этникалық қазақстардың басым бөлігінің жеке кәсібі барын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір шетелде тұратын қазақтардың нақты саны жоқ. Алайда бәріміз шетелде 5 млн-нан аса қазақ бар деген ақпаратты білеміз. Олардың көбісі бизнеспен айналысады. Мысалы, Қытай, Түркия және тағы басқа мемлекеттер. Алайда (шетелде қанша қандас бизнеспен айналысатыны туралы, – автор) нақты ақпарат жоқ, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, осыған дейін шетелдегі ауқатты қазақтардың елге келуі жеңілдейтіні туралы хабарланған еді.