×

Шетелдегі ауқатты қазақтардың елге келуі жеңілдейді

Бүгінде «Қазақ картасы» жасалып жатыр

 Дәурен Ерболат 26.09.2022 | 16:53
Фото: ritmeurasia.org

Шетелдегі ауқатты қазақтардың елге келуі жеңілдей түседі. Оларға жеңілдетілген виза беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Шетте жүрген, өзінің бизнесі бар, бірақ тарихи отанымен байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар бар. Осыған байланысты «Қазақ картасын» жасап жатырмыз. «Егер сол елде тұра беремін. Алайда еліме келіп, бизнесімді ашып, мемлекетімнің дамуына өз үлесімді қосамын» деген этникалық қазақтар болса, олардың Қазақстанға келіп кетуіне толық жағдай жасалады яғни оларға жеңілдетілген виза және 10 жылға дейін Қазақстанда уақытша тұруға мүмкіндік беріледі, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Тамара Дүйсенова бүгінде аталған карта жасалып жатқанын, заңға өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

«Бұл картаны Әлеуметтік кодекске енгіздік. Қазір оның ережесін жасап жатырмыз... (Заңдағы өзгерістер күшіне енсе – автор) шетелдегі ауқатты этникалық қазақтар елімізде 10 жылға дейін тұра алады», - деді басшы өткен баспасөз мәслихатынан соң Halyq Uni тілшісіне.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама