Halyq Uni логотип
×

Қылмысты жасыру: құқық қорғау қызметкері рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Қаңтар оқиғасы бойынша жауапқа тартылған күдіктінің ісі сотта әлі қаралмаған

 Дәурен Ерболат 19.10.2022 | 15:06
Қылмысты жасыру: құқық қорғау қызметкері рақымшылыққа ілігуі мүмкін
фото: Halyq Uni

Бүгінде құқық қорғау органының бір қызметкері рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бүгінде (қаңтар оқиғасы бойынша – автор) құқық қорғау саласындағы 49 қызметкер жауапқа тартылып жатыр. Оның біреуіне ғана рақымшылық қолданылуы мүмкін. Алайда іс әлі сотқа жіберілген жоқ. Ол (Қылмыстық кодекстің – автор) 430-бабы, яғни қылмысты жасыру дерегі бойынша тіркелді», - деді Әсет Шындалиев Мәжілстің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, қалған 48 қызметкер рақымшылыққа ілікпейді.

Қалған істер азаптау, билікті асыра пайдалануға қатысты. Оларға (рақымшылық – авт.) жасалмайды, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы мақұлданды. Болжам бойынша, рақымшылыққа 1,5 мыңға жуық адам ілігуі мүмкін. Олардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар: жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар және тағы басқа қылмыс жасағандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама