×

Украина соққылауға жауап ретінде Белгород пен Курскіні атқылады

Екі адам жарақат алып қалған

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2022 | 10:55
фото: ашық дереккөз

Украина армиясы Киевке жасалған шабуылға Белгород пен Курск облыстарын атқылаумен жауап қайтарды.

Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

Украина Ресейдің шекарадағы өңірлерін атқылауды елдің энергетикалық инфрақұрылымдарына шабуыл жасаудан бастады, – делінген хабарламада.

Снарядтар Белгород ауданындағы селолардың біріндегі теміржол станциясына түскен. Бұл туралы Белгород облысының губернатор Вячеслав Гладков айтты. Бір ер адам жарақат алған. Атқылау нәтижесінде темір жолдың бір бөлігіне зақым келіп, пойыз қатынасы тоқтап қалған.

Сол сияқты Гайвора қалалық округінің бірнеше селосы минометтен атқыланған. Мокрая Орлавкадағы сүт кешені территориясына шабуыл жасалған. Нәтижесінде Глотовта бір кісі жараланған. Снарядтар электр қуатын беретін екі желіні қиратып кеткен.

Курск облысының губернаторы Роман Старовойт өңірдегі Теткино кенті мен Попово-Лежачи селосының атқылау астында қалғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама