×

Иран нұсқаушыларының Херсонда жүргені белгілі болды

Дрондар КамАЗ немесе УРАЛ автомашиналарына тиеліп, теңіз контейнерлері арқылы да жеткізіліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 17:29
фото: ашық дереккөз

Иранның дрон жөніндегі әскери нұсқаушыларының Херсон облысында жүргендері белгілі болды.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украинаның жау басып алған Херсон облысы аумағындағы астыртын ұйым мүшелері Тегераннан келген 20 нұсқаушының байқағандарын айтып отыр.

Мұны Украина Қарулы күштері арнайы операция жанындағы ұлттық қарсылық орталығы Telegram-арналары мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес, ирандықтар Қырымнан Shahed-136 камикадзе-дрондарын ұшыруға да көмектесуде. Атап айтқанда, парсы нұсқаушылары Киров аэродромы мен Тарханкут мүйісіне жақын жердегі Чауда полигонында жүр.

Орталықтың мәліметі бойынша, дрондар КамАЗ немесе УРАЛ автомашиналарына тиеліп әкелініп жатыр. Сондай-ақ теңіз контейнерлері арқылы жеткізіліп жатқандары да бар сияқты.

АҚШ қазір Ресейге дрондар жеткізіп беріп отырған Иранға қосымша санкция дайындау үстінде. Тегеран жақын арада оккупант елге баллистикалық ракеталар да сататын сияқты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама