×

Қазақ танкисі Украинадағы соғыста қаза тапты

Оның соңынан көздері жәутеңдеп екі қызы қалды

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 17:11
фото: v1.ru

Ресейдің Волгоград облысының Эльтон ауылында Украинадағы соғысқа қатысқан Жасұлан Мәжитов есімді этникалық қазақ жерленді.

Бұл туралы V1.ru басылымы хабарлады.

Ол соғыстан жарақат алып, Ростов-На-Дону қаласындағы әскери госпитальде қайтыс болды. Жасұлан 35 жас жасады. Оның соңынан екі кішкентай қызы қалды. Сол үшін де оның туған-туыстары Жасұланның не үшін, кім үшін соғысқа барғанын әлі түсінбей отыр. 

Жасұланның әкесі, әпкесі мен зайыбына қаралы хабар көп кешікпей жетті.

Жасұлан мерзімді қызметтен кейін ол Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, танк әскерінде қызмет етті. Аға сержантқа дейін көтерілді. Содан кейін Украинадағы соғысқа қатысты.

Эльтон – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына тиіп тұрған, емдік шипасы мол тұзды көлімен танымал мекен. Мұндағы тұрғындардың 70 пайызы –  қазақтар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама