×

Ресейдің соғыстағы қылмысымен «нацистерді аулаушы» айналысады

Ол ұстатпай жүрген жүзден аса адамды қолға түсірген

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 12:24
фото: ашық дереккөз

Украинадағы әскери қылмыстарды тергеу тобын «нацистерді аулаушы» деген лақап аты бар АҚШ Әділет министрлігінің қызметкері Эли Розенбаум басқарады.

Бұл туралы АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд айтты.

Әскери қылмыскерлер ешқайда тығыла алмайды. АҚШ Әділет министрлігі Украинада қылмыс және жауыздық жасағандарды жауапқа тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады, –  деді Гарланд.

Оның айтуынша, тергеу тобының ішіне адам құқықтарын бұзу және әскери қылмысқа байланысты жетекші мамандар кіреді.

Эли Розенбаум 1994 пен 2010 жыл аралығында арнайы тергеу тобын басқарған. Нацистік әскери қылмыскерлерді іздеу, депортациялау және оларды АҚШ-тың азаматтығынан айыру жұмыстарымен айналысқан.

Британ тарихшысы Гай Уолтерс Розенбаумды тарихтағы ең мықты «нацист аулаушы» деп атаған. Ол жүзден аса ұстатпай жүрген нацистерді қолға түсірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама