×

Абай облысында бір отбасы ыстан уланып қалды

Улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған

 Динара Амантай 18.10.2022 | 09:12
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында бір отбасы ыстан уланып өліп қала жаздады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 23:40-та Бородулиха ауданының орталық ауруханасына көміртегі тотығымен орташа дәрежелі улану диагнозымен бүтін бір отбасы түскен.

Көміртегі тотығымен уланған 5 бала мен аналарының жағдайы ауруханада қалпына келіп, олар дәрігерлердің бақылауында болды. Таңертең үйлеріне жіберілді.

Тексеру нәтижесінде көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болғаны анықталды.

Абай облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігін сақтауды еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама