Halyq Uni логотип
×

«Неге министр Брекешев үнсіз?»: Адвокат марғауды қинаған ақтаулыққа берілген сот үкіміне қарсы шықты

Ақтаулық азаматтың ісі қайта тергелетін болды

 Айнұр Шошаева 15.10.2022 | 12:00
«Неге министр Брекешев үнсіз?»: Адвокат марғауды қинаған ақтаулыққа берілген сот үкіміне қарсы шықты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков араласқаннан кейін Ақтауда  марғауды қорлап, жеңіл жазамен құтылған ақтаулық азаматтың ісі қайта тергелетін болды. Енді ол бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq uni

Белгілі болғандай, Ақтауда 35 жастағы ер адам марғаудың басына секіргені бейнебақылау камерасына түскен. Сот ол адамға бір апта көше сыпыру жазасын тағайындаған. Алайда адвокат Джохар Өтебеков бұл шешімды сынады. 

Қаскөй бір күн түрмеде отырмайды екен. Бұл не қылған заң  Неге экология министрлі Брекешев бұған қатысты пікір білдірмей отыр? Ол эколог емес, мұнай саласының маманы болғандықтан жануарларға мән бермейді ме?   
Бізге жануарларды қорлағандарды түрмеге отырғызатын жаңа заң керек. Бұл кез келген өркениетті елде бар,  – деп жазды ол. 

Сондай ақ ол жануарды қорлауға қатысты Ақтау қалалық сотының үкімін заңды қорлау деп бағалады. Марғауды қорлау кезінде ақтаулықтың мас болғанын біле тұра, прокурордың оны назарға алмағанын да атап өтті. Бұған қоса, марғауды мүгедек еткен адамға соттың неліктен 60 сағат көше сыпыру сияқты тым жеңіл жазасын кескеніне таңғалды. 

Аталған сот үкімімен танысқан адвокат прокуратураға оның заңсыздығы туралы өтініш жазды. Нәтижесінде прокуратура сот үкіміне апеллляция берді. 

Бұл еліміздің барлық жануарларды қорғаушыларының жеңісі.  ...Мен сот үкімін зерттедім. Прокуратураға оның заңсыздығы туралы жаздым.
Сонымен, Ақтау прокуроры менімен келісіп, аталған үкімге шағымданды. Енді залым адам заң бойынша жазаланады,–  деп қосты ол. 

Оның айтуынша, жануарды қорлаған ақтаулық бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бұл біздің еліміз үшін үлкен қадам деп санаймын. Билік жануарларды қорлауға байыпты қарайтын болады. Тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықпен, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар бойынша да осындай күрес күтіп тұр,  – деді Джохар Өтебеков.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда мысыққа қатыгездік жасаған ер адам қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама