Болат Әбілевтің компаниясы тергеліп жатыр – Қаржылық мониторинг агенттігі
Әкімдік алынған жерге қытайлардың қатысы жоқ екенін айтады
Қаржылық мониторинг агенттігі Болат Әбілевке қарасты «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-ға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабардлайды Halyq Uni тілшісі.
Агенттік тергеу құпиясына байланысты бұдан артық мәліметті жарияламайтынын айтты.
Алматы облысы әкімдігі өкілдері берген мәліметке қарағанда, «Болат Әбілев жерді алғанда жалғыз өзі ғана алған».
Айта кетейік, бұл мәселені талдықорғандық белсенді Нұр Қанатұлы көтерген еді. Оның айтуынша, 2016 жылы Қапшағай (қазіргі Қонаев – ред.) қаласының, Алматы облысының шенеуніктері мораторийге қарамай, 400 га жерді Болат Әбілевке 49 жылға заңсыз жалға берген. Оған «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС күн электр станциясын салған. Сол жерді жалға алып жатқанда «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-дағы қытайлардың үлесі 51% болған. Демек, компания басым дауыспен Қытайдың басқаруында тұрған.
Ал аталған күн электр станциясы 2019 жылдың 3 қыркүйегінде іске қосылды, қуаттылығы 100 МВт. Kapital.kz мәліметінше, сол кезде компанияның түпкі қожайыны Шанхайда орналасқан Universal Energy Co., Ltd (UE) болған.