×

Маңғыстауда бір уақытта екі көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ер адам оқиға орнында қаза тапты

 Динара Амантай 14.10.2022 | 13:39
Фото: aikyn.kz

Маңғыстау облысында жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетіп, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше сағат 20:00 шамасында Қызыл-Төбе ауылында Түркістан-Иманов көшелерінің қиылысында болған.

Мазда-626 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Осыдан кейін қарсы беттен келе жатқан Volkswagen Passat жүргізушісі жерде жатқан жаяу жүргіншіні басып өткен, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама