×

Түркістан облысында автобус пен ГАЗель соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бес жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 13.10.2022 | 13:48
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 қазанда Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолында ГАЗель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобус жолаушыларының бірі, Түркістан қаласының тұрғыны алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. бес жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Қазір бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама