×

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық: Мәжіліс заң жобасын қарауға кірісті

Мемлекетке опасыздық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді

 Дәурен Ерболат 12.10.2022 | 10:21
фото © Әсет Құндақбаев

Бүгін Мәжіліс «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кірісті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Депутат Арман Қожахметов заң жобасы мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін зерделенетінін атап өтті.

Заң жобасының мақсаты – Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықтық бұзушылық жасаған не олардың жолын кесу кезінде қылмыс жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату не сол тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту. Заң жобасы азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмейді, - деді Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрағасы Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске салайық, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев каңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасауды ұсынған еді.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 104 адам бас бостандығынан айырылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама