Halyq Uni логотип
×

Атырауда «сәлафиттік бағыттағы» мектепке 53-ақ мың теңге айыппұл салынды

18 маусымда заңды тұлға ретінде тіркелгенмен, осы күнге дейін білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алмаған

 Еркеғали Болатұлы 08.10.2022 | 11:37
Атырауда «сәлафиттік бағыттағы» мектепке 53-ақ мың теңге айыппұл салынды
фото: ашық дереккөз

Атырауда қыздарға арналған жеке мектептің арнайы лицензиясы жоқ. Жергілікті сот соны негізге ала отырып, білім ошағына азын-аулақ айыппұл салды.

Айта кетсек, биылғы қыркүйекте ашылған Қазақ ұлттық қыздар мектебінде қазір 101 қыз оқиды. Әлеуметтік желіде мектептің «салафиттік бағытта» екені айтылып, балаларын күтіп тұрған хиджаптағы ата-аналардың видеосы тараған еді. Дегенмен мектеп директоры бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқушы формасы қатаң сақталатынын жеткізді. Осы жағдайдан соң іле-шала білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеріс жүргізіп, қорытындысын сотқа жолдаған. Ал сот 53 мың теңге ғана айыппұл салды. Мектеп жұмысын тоқтатқан жоқ.

«2022 жылдың 18 маусымында заңды тұлға ретінде тіркелгенмен, осы күнге дейін білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алмағаны анықталды. Қазақ ұлттық қыздар мектебі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік бұзушылық жасады деп жауапқа тартылып, әкімшілік жаза ретінде 53 мың 603 теңге айыппұл салынды. Қазір сот қаулысы күшіне енген жоқ», - деді Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы Анар Айтжанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама