Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Қымбат Елтайқызы

Жарақат алған көлік жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді

фото: Қостанай облысы полиция департаменті

Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Оқиға 20 ақпанда таңғы сағат 6-лар шамасында Пешковка ауылынан бес шақырым жерде болған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Volvo көлігінің 45 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, пойызбен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан Volvo көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, Федоровская аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 45 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі Ресейге және әрі қарай Беларусь еліне бағыт алған. Оның жанында 1978 жылы туған жолаушы болған.