Елімізге екі аптада 300 мыңға жуық ресейлік келген – ҰҚК

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстанда 147 мың РФ азаматтары қалды

фото: Нұрдәулет Әбікеев

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізге 21 қыркүйек пен 3 қазан аралығында 281 548 Ресей азаматтарының келгенін хабарлады. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан 134 047 адам шекара асты.

Осылайша елімізде 147 501 РФ азаматы қалды.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізге 200-нан астам мигранттың келгенін, 147 мың ресейліктің Қазақстаннан басқа елдерге кеткенін мәлімдеген болатын.