Бердімұхамедов Қазақстанға келеді

Дастан Жұмабекұлы

Осыған байланысты екі елдің СІМ-нің консультациялары болды

фото: tdh.gov.tm

Бейнеконференция пішінінде Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен қазақстандық-түрікмен саяси консультациялар өтті.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары туралы пікір алмасты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қолжеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының VI АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды, –  делінген хабарламада.

Консультациялардың қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласқан.