Өзбекстанда химия зауытында өрт шықты

Дастан Жұмабекұлы

Жарақаттанған адамдар бар

фото: ашық дереккөз

Ташкент облысындағы Шыршық қаласында орналасқан химия зауытында өрт шықты.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 4 қазаны күні таңертең сағат 8.40-та Шыршық қаласындағы «MAXAM CHIRCHIQ» АҚ Синтез цехында болып, соның салдарынан зауыттың екі жұмысшысы жарақаттанған.

Ташкент облысының азаматтық қорғау басшысы – облыс әкімі Зойир Мирзаев тиісті басшыларға жағдайды тез арада реттеуді тапсырды.

Оқиғаның себептері мен салдары анықталып жатыр.