Елімізде дәрілік заттар таңбаланып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Қазір зергерлік бұйымдар мен суға ілкі жоба жүргізілуде

фото: ашық дереккөз

Елімізде дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау енгізіліп жатыр.

Бұл туралы Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева айтты.

2020 жылдан бастап темекі өнімдері, ал 2021 жылдың қараша айынан бастап аяқ киімдер міндетті түрде таңбалана бастады. Ал қазір дәрілік заттарды міндетті түрде таңдалау енгізіліп жатыр, –  деді Бикеш Құрманғалиева.

Оның айтуынша, ережеге сәйкес, белгілі бір тауар түрін міндетті таңдалау енгізілмес бұрын ілкі жоба іске асырылады. Қазір зергерлік бұйымдарға, суға және құрамында қант бар сусындарға қатысты ілкі жоба іске асырылып жатыр.