Атырауда жол апатынан 53 адам қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

Елімізде жыл сайын 13 мың адам жол апатына ұшырайды

фото: ашық дереккөз

Атырау облысы бойынша соңғы екі жылда жолда ереже бұзушылығы үшін 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Биыл өңірде 116 жол апаты болып, 53 адам қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған. Облыстағы жол апатының көбісі ішімдік ішіп, рульге отырған жүргізушілердің кінәсінен болған.

Облыстық прокуратура жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеу керектігін айтуда, –  делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Жалпы, биыл 9 429 жол апаты болып, 1478 адам қаза тапқан. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға көп. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, елімізде жыл сайын 13 мың адам жол апатына түседі.