×

Қостанай облысындағы Амангелді ауылы су астында қалды

Олар бұл жағдайға мүлде дайын болмаған

 Халық үні 26.03.2024 | 22:44
Фото: Тobolinfo.kz

Қостанай облысындағы Амангелді ауылын су басып қалды. Бұл туралы жергілікті Тobolinfo.kz ақпараттық агенттігі жазды. 

Бүгін, 26 наурызда тіпті жағдай ушыға түскен. «ТоболИнфо»-ның редакциясына су басқан ауылдың фотоларын тұрғындар жіберген.  

Су тасқыны Фото: Тobolinfo.kz

Олардың айтуынша, дәл қазіргі қиын-қыстау сәтте ауылда 18 құтқарушы қолдарынан келгенше тырысып жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше олар бұл жағдайға мүлде дайын болмаған.  

Су тасқыны Фото: Тobolinfo.kz

Ауыл тұрғындарының мәліметінше, су үйге дейін жеткен. Әсіресе, қорадаға малға қауіп төніп тұр. Жаңа туған бұзаулардың жағдай қиындау. Тұрғындар өз өмірлері мен дүние-мүлкі үшін алаңдаулы. 

Қостанай Фото: Тobolinfo.kz

Халық әбігерге түсті. Билік органдары іргеге жеткен сумен күрес жүргізуге қауқарсыз екенін тағы бір көрсетіп берді. Орталық көшелердің бірі Сейфуллин көшесі су астында қалды. Бұл жерде екі мектеп орын тепкен, - деп жеткізді алаңдаулы халық. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама