×

Жамбыл облысында қар жауды (ВИДЕО)

Көпшілік күннің күрт салқындағанына таңданып отыр

 Халық үні 27.04.2024 | 19:45
фото: видеодан скриншот

Бүгін, 27 сәуір күні Жамбыл облысына қар жауды. Ауа райының күрт құбылғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшалар жазып жатыр.

Өңірдегі ауа райының қолайсыздығы туралы Dauletten парақшасы хабарлады.

Желіде тараған видеода тұрғындар бүгін, 27 сәуірде Жуалы ауданына қар түскенін, ал көлік жүргізушісі жазғы дөңгелекпен жүргенін айтқан.

Ал көпшілік күннің күрт салқындағанына таңғалып отыр. Оқырмандар қар Жамбыл облысының Құлан және Меркі ауданына да жауып жатқанын айтуда

Серіктес жаңалықтары

Сараптама