«Қоқыс лақтырып жатыр деп ойладық». Куәгерлер балаларымен терезеден секірген әйел туралы айтып берді

Халық үні

Алматыда жас келіншек үш баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп өлді

22 қарашада Алматыдағы «Жетісу» шағын ауданыдағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел алдымен үш баласын (2015, 2016 және 2019 жылы туған) 9 қабаттан лақтырып, артынан өзі секіріп өлді.

Әйел мен оның екі баласы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Келіншек өлім алдында хат қалдырып кеткен.

Қазір қайғылы оқиғаның себебі анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел-тергеу тобы құрылды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Куәгерлердің айтуынша, жас ана алдымен балаларды терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Жас келіншек осы үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған.

Алматы қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғанын алдын-ала себебі ретінде жұбайлар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал болғанын хабарлады.