×

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды: зардап шеккендер жоқ

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ

 Жандос Байділда 22.11.2021 | 09:21

Алматы облысында Книжевск су қоймасының бөгеті жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оқиға 21 қараша сағат 23.13-те Мыңбаев ауылы маңында болған. Су қоймасының көлемі 4,47 миллион текше метр, қазіргі уақытта ол 50 пайызға толы.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, үйлерді су басқан жоқ. Облыстық Мыңбаев – Қасымбек автожолы арқылы су тасқыны өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.

Су көлемі азайып келеді. Қарғалы өзенінің арнасынан айналма жол жүріп жатыр. Қазір елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, Төтенше жағдайлар министрлігі ғимаратында жою штабы құрылды, - деді ТЖМ өкілі.

Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттердің паналау орнын су басқаны туралы ақпарат келіп түсті. Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды.

Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазір су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама