Қазақ қызының шет елде білім алуынан қорықпау керек - «Болашақ» түлегі
«Өзгеше» подкастында шет елдерде білім алу тақырыбы сөз болды
«Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шакенованың айтуынша, ата-аналар қыздарын шет елге оқуға жіберуге қорықпау керек. Әсіресе, магитстратураға түсетін қыз баласының жолын бөгемеу қажет. Бұл туралы ол Youtube желісіндегі «Өзгеше» подкастында айтты.
Қазақстанда қыздардың шетелде білім алуына қарсы болатындар, тіпті жат елдің белді университеттерінде білімін жетілдіруіне кедергі жасайтын ата-аналар да кездеседі. Лестер университетінің түлегі Шынар Шакенованың мұндай проблеманың барын жоққа шығармады.
«Қыздарын шет елдерде оқытуға жібермейтін кездер болады. Бұл - үлкен проблема. Бірақ білімін жетілдіруге қатысты жат елмен қорқытудың қажеті жоқ. Көбіне стереотип көзқарастар бар. Бірақ ол көзқарас та жойылып бара жатыр. Баланың дұрыс оқуы, оқымауы өзінің мақсатына, отбасындағы тәрбиесіне, азаматша ретінде қалыптасуына байланысты. Әрине, 17-18 жастағы оң-солын танымаған, үлкен өмірге дайын емғс баланы оқуға жібергенде ойлану керек. Бірақ, бакалавр аяқтап, бірнеше жыл жұмыс істеп, өзін дамытамын деген қызды шетелге оқуға жіберуден қорықпау керек. Қайта мұндай жағдайда әке-шешесі қолдауы керек», - дейді «Болашақ» бағдарламасының түлегі.