Заңгер азаматтарға кеңес берді
Заңгер Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, азаматтар «полиция немесе басқа да органдардың өкіліміз» деп есік қаққандардың құжатын талап етуі керек, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Елімізде кредиттеу кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша заңның бірқатар тармағы күшіне енеді. Бұл туралы «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұқбатында заңгер Нұржан Әбдікәрімов айтты.
Бір ғана мысал бірнеше проблеманы көрсетіп тұр. Бүгінгі таңда жеке басты куәландыратын құжатпен несие алу не болмаса оны біреуге көрсетіп бірнәрсе жасау, мүмкін болмайын деп жатыр. Соңғы кезде банк жүйесіне қатысты заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Несие беруді, несие рәсімдеудің тәртібі қатаңдатылып жатыр. Бір ғана биометрия мәселесін тегін айтқан жоқпын. Мына бет-әлпетін түсіру, осы арқылы азаматты тану, екіншісі рәсімдеу үшін сіздің бар екеніңіз туралы ақпаратты банктің жинауы екінші деңгейге шықты. Сондықтан тек қана жеке басты куәландыратын құжат арқылы бір шаруа жасап қою енді мүмкін емес», – деді ол.
Маманның айтуынша, бүгінде алаяқтар «тұрғын үй кезегіне қоямын» деп азаматтардың атына несие рәсімдеп жатқан жағдайлар жиі кездеседі.
«Сайлау кезінде жиі көреміз. Дауыс берушілердің санын реттеу бойынша мемлекет тарапы тізім жүргізеді. Өте орынды. Өте дұрыс. Бір ғана сұрақ. Кімнен қандай құжатты біз талап етуіміз керек? Мемлекеттік орган қандай сұрақпен құжатымызды сұрай алады? Мәселен «үйге тізімге қоямын» деп келгендердің жағдайында бүгінгі таңда көзі ашық азаматтар білуі тиіс. Есепке қоюдың қандай тетіктері бар екенін. Бір есепке қою үшін бір құжат жеткіліксіз. Екінші мәселе «полиция өкіліміз» деп ата-апаларымыздың қаражаттарын да ұрлап кетіп жатыр. Сол себепті қырағы көзбен қарап, алдыңызға келген азаматтың құжатын сұраңыз» – деді заңгер.
Сондай-ақ «Халық үні» YouTube каналындағы видеоға пікір қалдырып, азаматтар істер бойынша сұрақтарыңызды жолдасаңыздар болады. Ол сұрақтарға заңгерлер мен сарапшылар тікелей эфирде жауап бере алады.