Бокс: чемпиондар елге оралды

Халық үні

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық ІІ орын алды

Әлем чемпионатынан 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен оралған бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.

AIBA алтын медаль иелеріне $100 000, күміс медаль иелеріне $50 000, қола жүлдегерлерге $25 000 жүлде берді.

Одан бөлек, Қазақстан бокс федерациясы алтын медаль иесіне $70 000, күміс медаль иелеріне $50 000, қола жүлдегерге $30 000 жұлде тағайындады.

Әлем чемпионатынанда Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын медаль, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс жүлде иеленді. Команда капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) үшінші рет қатарынан әлемдік доданың қола жүлдесін жеңіп алды.