Заңдардың 99,9 пайызы орыс тілінде қабылданып жатыр – Әмір Досжан
Өзіміздің ана тіліміз жетімнің күйін кешіп отыр
Мұндай ақпаратты Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі судьясы Әмір Досжан Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.
«Өзіміздің ана тілімізді жетімнің күйінде қалдырып отырмыз. Негізгі заңдардың 99,9 пайызы орыс тілінде қабылданып жатыр. Содан кейін аудармаға келген кезде, аударманың бүгінгі ахуалын жақсы білеміз. Ол жердегі азаматтардың білім деңгейінің төмендігіне байланысты қаншама қате кетіп жатыр. Ата Заңымыздың өзінде қателіктер бар», – деді судья.
Әмір Досжан мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілінен арнайы тест тапсыруға міндеттеу керек деп есептейді. Бүгінгі ана тілінен Президент қана емтихан тапсырады екен. Келешекте осы бастаманы қолға алып, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мәселесі жолға қойылмақ.