Қазір елімізде көзі тірі 148 ҰОС ардагері бар
ҰОС ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттерден біржолғы әлеуметтік көмек төленді - 187 млн теңге.
Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес, 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді. Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды, – делінген ресми ақпаратта.
Қазір республикада Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. ҰОС қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Көзі тірі ҰОС ардагерлерінің бірі бірі - Астана іргесіндегі Қосшы қаласында тұратын Нұрқасым Әжітайұлы.
Жеңіс күні қарсаңында Нұрқасым ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, сәлем беріп қайттық. Ардагер соғысқа қалай аттанғанын, майдандас достары мен кейінгі өмірі жайлы баяндап берді.