Halyq Uni логотип
×

«Құрттаған су ішіп отырмыз». Түлкібас ауданына қарасты ауылда ауру көбейген

Тұрғындар ауру-сырқаудың көбеюін судан көріп отыр

Түлкібас ауданына қарасты Қожамберді ауылдық округінің тұрғындары ауыз суға жарымай отырғанын айтып шағымданды. Тұрғындар бес жылдан бері таза ауыз суға қол жеткізе алмай келе жатқанын айтады. Жергілікті халықтың айтуынша, ауылға су жүргізуді мойнына алған мердігер компания жұмысты аяғына жеткізбей, су тазартқыш құралды қосуды ұмытып кеткен.

Қожамберді ауылының тұрғындары кейде арық суын ішуге мәжбүр, кейде көрші ауыл мен бастаудан су тасып ішеді. Бірақ оның өзі де үнемі бола бермейді екен.

«Суды құтыға құйып, екі күннен кейін қарасаңыз жап-жасыл болып кетеді. Оны ішу мүмкін емес. Ауылда бауыры ауыратындар көп. Сары ауру, аппендицит, рак ауруына шалдығып жатқандар көп. Бұрын ондай болмаған. Судың әсерінен деп ойлаймыз. 90 жылдарға дейін скважина суын ішіп келдік. Ол кезде мұндай ауру болмаған еді», - дейді Ләззат Қоқаева есімді ауыл тұрғыны.

Ал, «Тұраркент-су» директоры Бауыржан Сиқымбаев судың таза екеніне сенімді. Ол тұрғындарды еш алаңдамай суды тұтына беруге шақырды. Бірақ тұрғындар «Тұраркент-су» директорының сөзін жоққа шығарып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама