×

Қазақстанда үш баланың екеуінде бауыр проблемасы бар – диетолог

Жанна Нұрберген энергетикалық сусындардың зияны жайлы айтып берді

 Ербол Тұрымбет 15.02.2024 | 13:43

Кез келген химиялық зат тағамның құрамында рұқсат етілген мөлшерде (аз) қосылады. Оны айына, жылына бір рет ішсе, ағзаға еш кері әсерін тигізбеуі мүмкін. Бірақ апта сайын, аптасына екі-үш рет немесе күнделікті тұтынып отыратын болса, ол адамның ағзасына үлкен зиян тигізеді. Бұл туралы белгілі диетолог Жанна Нұрберген энергетикалық сусындардың зияны жайлы Halyq Uni тілшісіне айтып берді.

Маманның айтуынша, біріншіден, бұл қоспалар ағзаның сүзгіші – бауырда көптеп жиналып, оның қызметін бұзады. Одан әрі ішекке барғаннан кейін оған да кері әсерін тигізіп, қанға өтеді. Сөйтіп қан құрамындағы қанттың деңгейін көтереді немесе қан айналымын нашарлатып, қантамыр аурулары жүйесіне әкелуі мүмкін. Одан бөлек, диабет, жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары, қазіргі кішкентай балаларда кездесетін асқорыту жүйесі аурулары, иммунитеттің әлсіреуі – барлығы соның кесірінен болып жатады.

Балалар мен ересектерде иммунитеттің 80%-ы ішекте орналасқан. Ішекке түскен нәрсе қанға өтеді. Демек ішек дұрыс болмаса, балаларда иммунитет төмендейді. Бұрын өттің толуы, өт қабының қисаюы секілді аурулар 40-50 жастан асқан ересек адамдарда кездесетін. Ал қазір үш баланың екеуінде бауыр проблемасы бар. Оның бәрінің негізгі себебі, дүкенде сатылатын тәтті тағамдар, олардың құрамындағы химиялық қоспалар, - дейді дәрігер.

Сарапшының сөзінше, қазір табиғи қанттың өзі өте сирек кездеседі. Нарықта оның орнына тәттілендіретін қанталмастырғыштар пайда болды. Ол өндірушілер үшін өте тиімді болып кетті. Өйткені, кәдімгі қант қымбаттады, оның үстіне көп қолдану керек. Ал қант алмастырғыштың кішкентай тамшысын қосса, үлкен ыдыстағы сусынды тәтті қылып жіберетіндей қауқары бар әрі нарықта да бағасы өте арзан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама