Halyq Uni логотип
×

«Құрғақ уәдемен құтылды»: зейнет жасын төмендетуге депутаттардан қайран болмапты (ВИДЕО)

Әйелдер қозғалысының өкілі депутаттардан еш қайран болмағанын айтты

Зейнет жасын 58-ге түсіру жөніндегі Қазақстан әйелдері қозғалысы өкілі Кенжеш Сембаева «Ақ сөйле» Youtube-арнасында ұйым өкілдері Мәжілістегі «Аманат» партиясы фракциясының 26 депутатымен кездескенін, алайда «қарастырамыз» деп құрғақ уәдемен құтылғандарын айтты.

«Өз басым депутат Динара Закиевамен кездескен кезде, Семей сынақ полигоны аймағындағылардың зейнет жасы туралы салыстырмалы кесте жасап, осы мәселені көтеріңізші деп бергем. Бұл әңгіме ақпан айында болған, содан бері хабар жоқ», - дейді белсенді әйел.

Оның айтуынша, зейнетақы аннуитеті дегенді өзгерту керек. Өйткені, 52 жастағы әйелдің қорында 8 873 мың теңге, ерлердің қорында 55 жастан 7 млн теңге болуы керек.

«Осы аннуитетті алатын болсақ, мен мысалы 150 мың теңге айлық алып жүрдім. Мен 1988 жылдан бастап жұмыс істедім. Бірақ зейнетақы есебі 1998 жылдан басталады. Содан бері 15 жыл еңбек өтілім бойынша 3 млн 700 мың теңге ғана жинадым. Ал аннуитеттерді анау жоғарыда отырған миллион алатындар алып жатқан шығар», - дейді ол.

Сөзінше, өзінің 150 мың теңге табыспен осы күнге дейін жиғаны 3,5 млн теңге. Сондықтан «күміс жас» деген түсініктен арылу керектігін айтады.

Тағы оқи отырыңыз: Зейнет жасын 58-ге түсірмейінше тоқтамаймыз – Қазақстан әйелдері қозғалысы (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама