Halyq Uni логотип
×

Нұрлан Нығматулин Мәжіліске дайындықсыз келген БЖЗҚ төрағасын сынға алды

Мәжіліс спикері Зейнетақы қоры төрағасының отырысқа дайындықсыз келгенін айтты

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің сынына ұшырады. Бұған депутат Ғалымжан Елеуовтің ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитетіне қатысты сұрағы себеп болды.

Мәжіліс депутаты егер ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақысы қалай жұмсалатынын сұрады.

Алайда, депутаттың бұл сауалына БЖЗҚ төрағасы мардымды жауап бере алған жоқ. Ал, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Зейнетақы қоры төрағасының отырысқа дайындықсыз келгенін айтып, ашық сынады.

Не үшін бір айдан бері халық алдына шығып, олардың сұрағына жауап бере алмай жүргендеріңіз түсінікті болды. Депутат түсінікті сұрақ қойды, қалай жауап бере алмайсыз? Зейнетақы жинағының шекті сомасына қатысты үш апта бойы ештеңе түсіндіре алмадыңыздар? Мына жерге дайындықпен келу керек? Сіз қалай басқарып отырсыз? – деді Мәжіліс төрағасы.

3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

Салымшылардың көбі БЖЗҚ-ның бұл шешіміне наразы болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама