×

Бәукеңе батыр атағын беруге қазақтардан кімдер қарсы болғанын анықтаймын – Бекет Момынқұл

Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақстанға жеткізілді

 Ұлдана Жұбай 04.05.2022 | 09:52

23 сәуірде Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатының құпия құжаттары – Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты деректер немере інісі Бекет Момынқұлға табысталды. Бұл құжаттарды батырдың туысына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин тапсырды.

Соның ішінде бірнеше маңызды құжат бар. Олар:

  • Б.Момышұлына рәсімделген жалпыодақтық коммунистік партия мүшесінің тіркеу бланкісі, 1942 жыл;
  • ЖКП мүшесінің партиялық билеті мен есеп карточкасы, 1942 жыл;
  • КОКП мүшесі Момышұлының тіркеу бланкісі;
  • Момышұлының есеп карточкасындағы фотосуреті;
  • «Адам соғысуға үйренеді» атты мақаласы, 1943 жыл;
  • КСРО Жоғары кеңес президиумының «Б.Момышұлын Қызыл Ту орденімен марапаттау туралы» қаулысы, 1971 жыл;
  • «Казахстанской правда» газетіндегі «Баурджан Момыш-Улы» (некролог), 1982 жыл.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі батырдың немере інісі Бекет Момынқұлмен сөйлесіп, оған табысталған құжаттарға қатысты сұрады. Ол құжаттарда құпия хаттар жоқтығын айтты. Бірақ Ресейге арнайы шақырту алып, батырға қатысты өзге құпия ақпараттар алатынын жеткізді. Мәселен, ол Бәукеңе батыр атағы берілмек болған кезде қазақтардан кімдер қарсы болғанын анықтайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30