Курьерлер самокат туралы заң жобасы жайлы: «Көлік жүргізушілері бізді адам құрлы көрмейді»

Наима Нұрәлі

Астаналық курьерлер самокат тебетіндер үшін бөлек жолақ салып беруін сұрайды

Мәжіліс депутаттары жуырда самокат туралы заң жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, енді Қазақстанда самокат тебетіндерге қатысты талап күшейтіледі.

Құжатта төмендегі нормалар қамтылған:

  • Жолдың тек оң жағымен жүруі керек;
  • Басына қорғаныс шлемін киюі керек;
  • Арнайы куәлігі болуы міндеттеледі;
  • Түнде жарық шағылыстыратын белгілері болуға тиіс;
  • Сондай-ақ, самокатпен жүк, жолаушы тасымалдауға тыйым салынады.

Құжатты депутат Екатерина Смышляева таныстырды.

Көшеде самокаттардың, гироскутерлер мен монодөңгелектердің және олардың басқа да түрі пайда болғанын көріп отырмыз. Бізге жаңа көлік құралдарының жүрісін реттеу мәселелері бойынша өтініштер үнемі түсіп жатады. Әсіресе, бұл жағдай мегаполистерге қатысты. Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп жатыр, - деді ол.

Депутат заң жобасы осыдан 2 жыл бұрын әзірленгенін, бірақ самокаттарға қатысты техникалық регламент тек былтыр шілдеде қабылданғанын айтты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, жыл басынан бері самокат тебетіндерге қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды.

Осы ретте, Halyq Uni тілшісі самокатпен жеткізу қызметін атқарып жүрген астаналық курьерлердің пікірін, заң жобасындағы талаптарға қатысты ойын білді.