×

Елордада IV Нобель фестивалі басталды

Қазақстандықтар Нобель лауреттарының дәрісін тегін тындай алады

 Ербол Тұрымбет 12.04.2022 | 20:09

Бүгін елордада халықаралық IV Нобель фестивалі басталды. Ауқымды іс-шара бір уақытта алты мемлекетте өтеді деп жоспарланып отыр.

«Экспоненциалды инновациялар әлемі» деп аталған шара бір уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай және Сауд Арабиясында 8 тілде ұйымдастырылған. Фестиваль аясында технологиялар мен инновацияларға арналған 50-ден аса шара қарастырылған.

Шараға 5 бірдей Нобель сыйлығы лауреаты қатысады деп жоспарланған. Олардың бірі - Еуропалық комиссияның бұрынғы президенті Жозе Мануэль Баррозу бүгін онлайн байланыс арқылы сөйледі.

Жалпы IV Nobel fest-те қазақстандық спикерлер де бар: Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек, саясаттанушылар Досым Сәтпаев пен Тимур Турлов. Ал Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов болашақтың банкі қандай болатыны жөнінде болжамымен бөлісті.

Айта кетейік, бүгінде Нобель фестивалі әлемнің 155 елінен 500-ден астам университет пен 300 000 қатысушыны басын қосады. Нобель сыйлығы иегерлерінің дәрістері Қазақстан нарығы үшін ыңғайланған. Сол арқылы еліміздегі 600 мың студент Гарвард дәрістерін өз университетінде тыңдауға мүмкіндік алып отыр.

Фестивальдің басты серіктестері – Нұрсұлтан қаласының әкімдігі, Coca-Cola компаниясы, Altyn Qyran Group холдингтік компаниясы, Шеврон корпорациясы және басқалары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да анықталған 160 бұзушылық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

101 фактіге қатысты жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады
03.06.2023 | 14:33

«250 қолөнерші қатысады»: Астанада «Аламан құрақ» жәрмеңкесі өтеді

Жоба «Қазақ елі» алаңында өткізіледі
03.06.2023 | 14:10

Қазақстандық ғалымдар аллергия мен демікпені емдейтін вакцина әзірледі

Ол бойынша техникалық құжаттама жасалды
03.06.2023 | 13:30