Halyq Uni логотип
×

Түркі халықтарының бірігуі ешкімге қауіп емес – Юлай Шамилоғлы

AQ soile жобасының қонағы – түрколог, Назарбаев универсетінің профессоры Юлай Шамилоғлы

 Халық үні 14.03.2023 | 15:41

Белгілі түрколог, Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамилоғлы Halyq Uni порталына берген сұқбатында түркі халықтарына ортақ мұралар – тарих, әдебиет, дін төңірегінде айтып берді.

Назарбаев университеті профессорының айтуынша, түркі халықтарын біріктіретін басты факторлар: ортақ тарих, ортақ әдебиет, ортақ дін, ортақ мұра.

Юлай Шамилоғлының болжамынша, түркі халықтары интеграциясының нәтижесін алдағы жиырма жылда көруіміз мүмкін. Ол үшін түркі тілдес мемлекеттер арасында тұрақты түрде экономикалық, мәдени, әлеуметтік байланыс орнауы қажет.

Сондай-ақ ғалым түркі халықтарының бірігуі әлемге қауіп тудырмайтынын айтып өтті.  

Панславизм, православ бірлестігі, Еуропа бірлігі, араб бірлігі, сионизм бірлігі, Африка бірлестігі болған дүнияда түркі халықтарының бірге болуы ешкімге қауіп емес, - дейді Юлай Шамилоғлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама