×

Астанадағы адам сенгісіз жағдайдың куәгерлері: «Көзімше ер адамды балталап, етін пісіріп жеді»

Елорда тұрғыны «нағыз қылмыскерлердің» бостандықта жүргенін айтады

 Наима Нұрәлі 03.03.2023 | 15:35

20 жыл бірге тұрған күйеуі мен қайын жұрты сұрауы жоқ адамдарды өз үйлерінде өлтіріп, етін қайнатып жегенін айтқан Шолпан Кучербаева көмек сұрады. Айтуынша, екі көзін сірке суымен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлеп ішкізіп, жөзекшелікпен айналысуға күштеген.

Шолпан Кучербаева қазір «адамжегіштер» әулетінен қашып кетсе де, олардың әлі күнге дейін бостандықта жүргені жанына бататынын айтады.

Кейіпкеріміз Астанадағы Алтынемел көшесі, 7 мекенжайындағы 2-пәтерде тұратын Сүйінжановтар әулетін «адамжегіштер» деп айыптап, жантүршігерлік жағдайларға дәл осы үйде куә болғанын жеткізді. Азаматтық некеде болған 57 жастағы Айбек Сүйінжановпен 2001 жылы табысқан екен.

Отбасында анасы, қарындасы және оның қызымен бірге тұрдық. Екі баламыз болды, қазір олар Малиновкада келінімнің қолында тұрып жатыр. Балаларымды менен күшпен тартып алып, аналық құқығымнан айырды, –  дейді Шолпан Кучербаева.

Күйеуінің тұрақты жұмысы болмаған. Үйге күніге бөтен адамдарды ертіп келіп, бірге отырып арақ ішеді екен. Ал ішімдікке жұмсайтын ақшаны ұрлықпен табатын көрінеді. Шолпанның айтуынша, күйеуі олармен бірге тұрған туған қарындасы мен оның сол кезде 5 жаста болған. Оның қызын да талай рет зорлапты. Өзі ғана емес, сырттан келген достары да зорлық көрсеткен. 20 жыл бойы сұмдық жағдайларға шыдап келген ол 2019 жылы қазан айында үйінен қашып кеткен. Полицияға бірден арыз жазғанымен, нәтиже болмағанын айтады.

«2018 жылы күйеуімнің қарындасы оң көзіме сірке суын құйып, күйдірді. 2019 жылы оның қызы сол көзімді де құртты. Оң көзімнен неге айырғанын білемін. Үйде күйеуімнің қарындасы жас жігітті пышақтап жатқанда көріп қалып, Елдар есімді уческелік полицейге хабарлайтынымды айтқанымда, көзіме сірке суын құйған. Қан жуса болған жігіт қатты айғайлап, көмекке шақыра берді. Мойнынан кесіп тастап, сол жас баланың етін пісіріп жеді. Олар адам жейді. Етті қайнатады, сүйектерін лақтырып жібереді. Мен олар ішіп отырған кезде киініп, есікті ақырын ашып, байқатпай үйден қашып кеттім. Содан бері Зейнеп апамен бірге тұрып жатырмын. 2019 жылы олар Ерлан Қанапянов деген жігітті балтамен шауып өлтірген. Көшеде жүргендерді үйге алып келіп, өлтіріп, етін бөлшектеп, пісіріп жейді. Мен жатын бөлмеде тұрдым, осының барлығына балаларым үшін шыдап келдім», – деді Шолпан Кучербава.

Шолпан қазір бір ғана нәрсені қалайтынын айтты. Ол – өзін мүгедек еткендердің жазалануы.

«Құрметті Президент, Сүйінжановтар әулетінің жазалануы үшін өзіңізден көмек сұраймын. Қай жерге жүгінсем де, мені тыңдамайды. Солардың кесірінен 1-топ мүгедегі атандым. Сол жігітке тұрмысқа шыққаным үшін туыстарым менен теріс айналған. Бірінші күйеуімнен екі балам бар, олар үйлі-баранды жандар. Екінші некедегі Айбек Сүйінжановтан екі ұлым бар, біреуі - 20 жаста, екіншісі 7-сыныпта оқиды. Олармен сөйлестірмейді. Адам өлтіргендер әлі күнге дейін бостандықта жүр. 2019, 2020, 2021 жылдары мені аңдып жүрді. Былтыр ғана тынышталғандай болды. Тіпті, ол туған анасын да араққа сатты. Анасының көзін қасықпен ойып алған. Менің мүгедек болғым келген жоқ. Балаларым маған хабарласпайды. Олармен кездесіп, сөйлескім келеді. Менің кінәм жоқ қой», – дейді Шолпан.

68 жастағы Зейнеп Өмірбекқызы Шолпанды қамқорлығына алған.

«Бір бөлмеде 10 адам өмір сүреміз. 22 жылда Үкіметтен бір баспана берілмеді. Төрт баланы асырап алғанмын. Екеуінің мүгедектігі бар. Өзім сияқты 3 әйелге қарап отырмын. Біреуі – Шолпан, қалған екеуінің денсаулығы нашар. Қазір баламның үйінде тұрып жатырмыз. Алтай Көлгінов әкім болған кезде үйімізді жөндеп бергендей болды. Алайда жөнді істемеді. Бәрі іріп-шіріп жатыр. Әкімдіктегі Есет Байкен ғана көмектесуге уәде берді. Ал Сүйінжановтар әулетіне келсем, олар расымен адам жейді, шетінен ішкіштер. Анасын, әйелін нанға, темекіге сатып, жөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Шолпанның сау жері жоқ», – деді Зейнеп Өмірбекқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама