Halyq Uni логотип
×

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан Қазақстандағы жалғыз науқас көмек сұрайды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызының науқастың еміне көмек беруден бас тартқан

 Наима Нұрәлі 17.01.2023 | 11:15

Қазақстан бойынша виллебранд ауруына шалдыққан жалғыз науқас Бақытжан Нұрғызова Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызының еміне көмек беруден бас тартқанын айтып, Мемлекет басшысынан көмек сұрады.

Жасы 60-ға таяған, І топтағы мүгедектігі бар Бақытжан Нұрғызова баспанаға қол жеткізу мұңға айналғанын айтады. Бұған дейін Астана қаласының әкімі болған Алтай Көлгіновтің тұсында ай сайын 150 мың теңге көлемінде пәтерақысы төленіп келген. Жуырда пәтер кілті қолына тиетіні айтылып, үміттеніп жүргенде, белгісіз себеппен тізімнен аты-жөні алынып тасталған. Сосын тізімге қайта енгенде кезегі кері жылжыған. Пәтерақысын төлеп беріп отырғанына қанағат тұтып жүргенде, қала әкімі ауысып, бүгінде науқас далада қалғанын айтады.

Бақытжан Нұрғызованың дерті кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету тізіміне кірмейтіндіктен мемлекет тарапынан оған еш көмек қарастырылмаған. Ол жеңілдік былай тұрсын, дер кезінде еміне қажет дәрі-дәрмек ала алмай отырғанын айтып ашынды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға қанша рет мұңын шақса да, олардан көмек болмапты.

Виллебранд – өте сирек кездесетін ауру. Әлем халқының тек 1 пайызының бойынан табылатын бұл індет гемофилияға ұқсас. Кішкене ғана жарақат алсаңыз, қан тоқтамай ағады. Тіс жұлдырудың өзі қауіпті. Ал қан тоқтататын арнайы губканың біреу 100 мың теңге тұрады. Сорақысы, елордада мемлекеттік гематологиялық орталық жоқ. Жекелей бөлімшелер болғанымен, оның өзінде маман тапшы, - дейді Бақытжан Нұрғызова.

Хирургтардың қателігінен жалғызбасты ана 7 жыл ішінде алты рет пышаққа түскен. 1997 жылы соқыр ішегіне ота жасалған кезде хирургтар ағзасында қайшыны ұмытып кетіпті. Келесі күні қайшыны алғанымен, ішіне инфекция түсіп үлгерген. Кейіпкеріміз соның салдарынан бүгінде ішкі органдарының сау тұсы қалмағанын айтады.

«Өкпемнің бір бөлігін алып тастаған. Барлығына қызым мен екі немерем үшін күресіп келемін. «СК-Фармация» тек аналог дәрілер алады. Маған олар көмектеспейді. Министрлік оригинал дәрілерді алмайды. Сондықтан қайырымдылық қорлардан көмек сұрауға мәжбүрмін. 2022 жылы сегіз ай бойы ауырдым. Қызым несие алып, 6 мың долларға Ыстанбулға емделуге барып келдім. Одан да қайыр болмады. Желтоқсан айында Мәскеуге барып келдім, дәрігерлер оригинал дәріні қабылдасам ғана бетім бері қарайтынын айтты. Оны мен қалай аламын? Ажар Ғинаятқызы 15 елге барып келді. Сіз мемлекеттің ақшасына барып келдіңіз, ал мен Қазақстан бойынша осы диагнозбен ауыратын жалғыз науқаспын, жәрдемақым қайда? Министр «жоқ, көмек бере алмаймыз, қайда барсаңыз да, бара беріңіз» деп жауап берді», - дейді кейіпкеріміз.

Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек те науқастың пәтерақысын төлеп тұруға уәде беріпті. Ал жалғызбасты ана осы уақытқа дейін пәтер жалдауға кеткен қаржыға үй беруге болатынын айтып, жаңадан келген әкім Алтай Көлгіновтың істегінін қайталамақшы дейді. Үй кезегі бойынша әлі Бақытжан Нұрғызованың алдында 4 мыңнан аса адам бар. Емге де, баспанаға да жарымаған жалғызбасты ананың ендігі үміті – Президентте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама