Halyq Uni логотип
×

«Ұлым жиі ақша сұрады». Із-түзсіз жоғалған сарбазды жақындары 4 топқа бөлініп іздеп жатыр

Жамбылда жоғалған сарбазды 50 шақты туысы іздеп таппай жатыр

 Ұлдана Жұбай 09.03.2022 | 16:56

Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалып кеткен сарбаздың жақындары оны іздеуге Қызылордадан арнайы келді. Қазіргі таңда 50-ден астам адам 4 топқа бөлініп, таулы аймақтарды тінтіп жүр.

Айта кетейік, Меркі шекара қызметінің Андас батыр бөлімінде борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішев осыдан бір апта бұрын ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл дерек бойынша бүгінгі күні тергеу жұмыстары мен қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Балаларыңызды әскерге жібермеңіздер. Өйткені ол жерде жағдай жасалмаған, - дейді сарбаздың анасы Орынкүл Мерекова.

Ұшты күйлі жоғалған сарбаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Жас жауынгерді соңғы рет әскер қатарында жүрген Ердос Мырзағалиев көрген. Оның айтуынша, Ұлықбек екінші наурыз күні әскери бөлімдегі атқораны тазалап жүрген.

Ұлықбек – үйінің тұла бойы тұңғышы. Ол 2021 жылы 10 қыркүйекте әскери борышын өтеуге аттанған. Сол уақыттан бері Ұлықбек азаматтық міндетін абыроймен атқарып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама