Halyq Uni логотип
×

Қаланың бас жоспарына келіспейтін тұрғындар Шымкент әкімдігінің алдына жиналды

Қала әкімі бас жоспарды не үшін өзгертпек болғанын түсіндірді

Шымкент әкімдігі бүтін бір шағын аудандағы үйлерді бұзып тастамақ. Онда 1000-ға жуық жер үйде тұрғындар орналасқан. Бұған келіспеген «Тұран» шағын ауданының тұрғындары әкімдік алдына жиналды. Наразылық білдірген жұрт жаңа үйге енді ғана көшкенін айтып шағымданды. 

Әкімдікке жиналғандар - Шымкенттегі Тұран шағын ауданының тұрғындары. Олар үйлерінің сүрілетінін Сәулет және жер қатынастары басқармасының парақшасынан көрген. Осыны айтып, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қабылдауына келді. 

Тұрғындар айтуынша, ешкімге өтініш айтпай, ауыз су мен газды өздері жүргізіп алған. Алайда «Тұран» жұртының бұл қуанышы ұзаққа созылмаған. Оған себеп - 10 жылдан кейін әкімдік бұл жерге көпқабатты үй тұрғызуды ұйғарып отыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов мұны 2030 жылға жасалған жоспар екенін айтып, тұрғындарды сабырға шақырды. Айтуынша, Шымкентте халық саны көбейіп бара жатқандықтан бас жоспарды өзгертпек болған. Алайда, бұған тұрғындар келіспейтін болса, бас жоспар сол қалпында қала бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама