Теннисшінің қалай жеңіске жеткені белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сидней мен Пертте (Австралия) өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы испандық теннисші Джессика Бузас Манейромен (54-орын) кездесті. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте (6:2, 6:3) сенімді түрде жеңіске жетіп, Қазақстан және Испания арасындағы матчта есеп теңестірді (1:1).
Бұған дейін Александр Шевченко Пабло Каррено-Бустеге екі сетте (2:6, 1:6) есе жіберген еді, – делінген ақпаратта.
2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын турнирде қазақстандықтар «С» тобына түсіп, Испания мен Грекия құрамаларымен бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команда капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.