Қатысушылар аталды
Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, еліміздің атынан үш теннисші жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко мен Александр Недовесов.
Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик және Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов голландиялық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисі болған, – делінген ақпаратта.
Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Индия) әрі Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.
Турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.