Halyq Uni логотип
×

Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңіске жетті

Танымал теннисшінің қалай жеңіске жеткені белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 24.12.2024 | 11:42
Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңіске жетті
фото: olympic.kz

Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен ірі халықаралық World Tennis League турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Турнирге әлемнің түрлі елінен келген теннисшілерден құралған төрт команда қатысты, – делінген ақпаратта.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Греция), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).

Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).

Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).

Нәтижесінде финалда Falcons пен Hawks командалары кездесті. Рыбакина командасы 20-16 есебімен жеңімпаз болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама