Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қымбат Елтайқызы

Жеңіске жеткен спортшылар аталды

фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жіренбаев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Никита Кривошеев иеленсе, қола жүлдені Артур Смағұлов қанжығасына байлады, – делінген ақпаратта.

Әйелдер арасында алтын медальді Софья Самоделкина жеңіп алды. Екінші орынды Зере Сарбалина иеленсе, үздік үштікті София Фарафонова түйіндеді.