Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді

 Халық үні 14.12.2024 | 14:18
Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан чемпионатта Артем Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.

Екінші орынды Қатар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленсе (399 келі, 174+225), үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).

ҰОК мәліметінше, бұл – Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама