Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты

Қымбат Елтайқызы

Спортта тағы бір ауыс-түйіс болды

фото: Туризм және спорт министрлігі

Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты.

Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды, – делінген ақпаратта.

Конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Бұған дейін жеңіл атлетика фелерациясының президенті ауысқан еді.