Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында екі рекорд жаңартты
Отандық спортшылар тағы да жетістікке жетті
Еліміздің жүзушілері әлем чемпионатында Қазақстанның екі рекордын жаңартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, Будапештте (Венгрия) қысқа қашықтықта суда жүзуден әлем чемпионаты басталды. Еліміздің құрамасы алғашқы күннің өзінде Қазақстанның екі рекордын жаңартты.
Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді, – делінген ақпаратта.
Ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стиль эстафетасында рекорд жасады. Әділбек Мусин, Егор Попов, Максим Сказобцов пен Глеб Коваленя бұл қашықтықты 3.15.97 уақытпен аяқтады.