Атыраулық спортшы көмір тиелген 94 тонналық вагонды сүйреді (ВИДЕО)
Ендігі мақсаты – 120 тонна болатын 5 вагонды сүйреу
Атырау облысының тұрғыны Ерсейіт Бралин көмір тиелген 94 тонналық вагонды сүйреді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алып күш иесінің ауыр вагонды сүйреген сәті түсірілген видео Instagram-дағы atyrauoil.official парақшасына жарияланды.
Бүгінде Ерсейіт Бралин Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұрады. Спорттың пауэрлифтинг және грепплинг түрімен айналысады. Екеуінен де спорт шебері нормасын орындаған. Мәселен, пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ ол – Батыс Қазақстан облысында өткен «Толағай алыптары» жарысының жеңімпазы.
Бұрыннан ауыр салмақ көтеруге қызығатын едім. Енді шәкірт тәрбиелеп, осы салада чемпиондар шығарғым келеді. Қазір Атырау қаласындағы «Санаторий» фитнес орталығында жаттығып, жарыстарға қатысып жүрмін. Мені баулып жүрген жаттықтырушым Александр Литвиновке алғысым шексіз, - дейді Ерсейіт Бралин.
Айтуынша, оның ендігі мақсаты – 120 тонна болатын 5 вагонды сүйреу. Егер бұл ойы іске асса, Қазақстан рекорды жаңаруы мүмкін.