Отандық спортшылар тағы да жеңіс тұғырынан көрінді
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы Әлем кубогінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, отандық команда Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогінің кезеңінде қола медальға қол жеткізді.
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко мен Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті, – делінген ақпаратта.
Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.